https://sputnik.kz/20230413/almaty-kedenshileri-undistan-dari-darmek-kontrabanda-33871168.html
Алматы кеденшілері Үндістаннан әкелінген дәрі-дәрмек контрабандасын анықтады
Алматы кеденшілері Үндістаннан әкелінген дәрі-дәрмек контрабандасын анықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды. 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T09:05+0500
2023-04-13T09:05+0500
2023-04-13T09:05+0500
қоғам
дәрі-дәрмек
үндістан
контрабанда
https://sputnik.kz/img/1435/39/14353980_0:273:3073:2001_1920x0_80_0_0_740e3310551958d903b9e146d84d2593.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды.Контрабандалық тауар Үндістаннан әкелінген.Кедендік сараптама нәтижесінде тауар "дәрілік зат" екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінен Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген "экономикалық контрабанда" заңбұзушылық белгілері байқалады. Осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.Жалпы жыл басынан бері департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтаған. Айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.МКД "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 34-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.
үндістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1435/39/14353980_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_40da44d0c52756ea05fcfa1986b0a0b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, үндістан, контрабанда
дәрі-дәрмек, үндістан, контрабанда
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматы кеденінде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды.
Контрабандалық тауар Үндістаннан әкелінген.
"Тағамға биологиялық белсенді қоспа" деген атпен таза салмағы 356 келі болатын 54 449 дана дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) елге кіргізуге тырысқан", - деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Кедендік сараптама нәтижесінде тауар "дәрілік зат" екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.
Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінен Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген "экономикалық контрабанда" заңбұзушылық белгілері байқалады. Осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Жалпы жыл басынан бері департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтаған. Айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.
МКД "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 34-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.