https://sputnik.kz/20230412/semey-internatynda-bala-koz-zhumdy-politsiya-tusinikteme-berdi-33824217.html
Семей интернатында бала көз жұмды: полиция түсініктеме берді
Семей интернатында бала көз жұмды: полиция түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Семей интернатында көз жұмған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полиция. 12.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-12T15:23+0500
2023-04-12T15:23+0500
2023-04-12T15:23+0500
семей
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Семей интернатында көз жұмған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полиция.Оқиға 7 сәуірде Семей мектеп-интернатында болды. 15 жастағы жасөспірім тамақ ішіп отырып, қақалып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенше жасөспірім қайтыс болып кеткен.Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, жасөспірімге "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозы қойылған. Интернатқа Семей психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданған.Дүйсенбіден жұмаға дейін бала № 6 арнайы мектеп-интернатта тұрып, оқып, ал сенбі және жексенбі күндері анасы баланы үйіне алып кетіп жүрген."Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары жасалады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - дейді полиция.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей
Семей интернатында бала көз жұмды: полиция түсініктеме берді
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Семей интернатында көз жұмған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полиция.
Оқиға 7 сәуірде Семей мектеп-интернатында болды. 15 жастағы жасөспірім тамақ ішіп отырып, қақалып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенше жасөспірім қайтыс болып кеткен.
Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, жасөспірімге "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозы қойылған. Интернатқа Семей психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданған.
Дүйсенбіден жұмаға дейін бала № 6 арнайы мектеп-интернатта тұрып, оқып, ал сенбі және жексенбі күндері анасы баланы үйіне алып кетіп жүрген.
"Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары жасалады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - дейді полиция.