https://sputnik.kz/20230412/qazaqstanda-buyrek-satudy-zandastyru-usynyldy-33839732.html
Қазақстанда бүйрек сатуды заңдастыру ұсынылды
Қазақстанда бүйрек сатуды заңдастыру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ерікті түрде ақшалай өтемақыға туыс емес донорлардың бүйрегін алуға рұқсат етуді ұсынды, деп... 12.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-12T13:59+0500
2023-04-12T13:59+0500
2023-04-12T14:00+0500
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/958/03/9580335_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_08f8260aefbccfb5bc2693e6996df751.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ерікті түрде ақшалай өтемақыға туыс емес донорлардың бүйрегін алуға рұқсат етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутаттың ақпаратынша, қазіргі таңда орган трансплантациясына мұқтаж 3 805 пациент, соның ішінде 90 бала күту парағында тұр. Науқастардың 91%-і – бүйрек ауыстыру кезегінде. Өкінішке қарай, былтыр 320 адам қайтыс болуына байланысты "күту парағынан" шығып қалған."Заңнамада қайтыс болған адамдардың органдарын алуға келісім презумпциясы нақты айқындалмағандықтан, мәйіттік донорлық қазір дамымай жатыр. Тек туысқан донорлардың органдары алынады. Бұл саланың тоқырауының негізгі себебі – қайтыс болған және туыс емес донорлардың органдарының жетіспеушілігі", - дейді Нұрымова вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.Ол донорлыққа және орган трансплантациясына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілуі қажет деп санайды."Иран мен Пәкістанда бүйрек сату заңды және реттелген, орташа бағасы 5-6 мың доллар. Орган сату туралы бейресми хабарламаларды Қазақстанда да кездестіруге болады. Онда неге шет елдердің бүйрек сату мен сатып алу тәжірибесін зерттеп, бұл процесті бізде де реттемеске?", - дейді Нұрымова.Депутаттың айтуынша, қолданыстағы заң донор таңдағанда генетикалық, жақын туысқандық байланыстың болғанын көздейді. Алайда көп жағдайда туыстар сәйкес келе бермейді."Бөтен адам органын беруге дайын, бірақ бұған заң рұқсат етпейді. Осыған байланысты материалдық өтемақыға ерікті негізде туыс емес донорлардың және қайтыс болған донорлардың бүйрегін беруге рұқсат ету мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймыз", - деді Нұрымова.Бұдан бөлек, депутат мемлекеттен донорларға төлем төлеуді ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/958/03/9580335_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_043f4de3cddcb69fe9d60177f8b5f204.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүйрек доноры
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ерікті түрде ақшалай өтемақыға туыс емес донорлардың бүйрегін алуға рұқсат етуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың ақпаратынша, қазіргі таңда орган трансплантациясына мұқтаж 3 805 пациент, соның ішінде 90 бала күту парағында тұр. Науқастардың 91%-і – бүйрек ауыстыру кезегінде. Өкінішке қарай, былтыр 320 адам қайтыс болуына байланысты "күту парағынан" шығып қалған.
"Заңнамада қайтыс болған адамдардың органдарын алуға келісім презумпциясы нақты айқындалмағандықтан, мәйіттік донорлық қазір дамымай жатыр. Тек туысқан донорлардың органдары алынады. Бұл саланың тоқырауының негізгі себебі – қайтыс болған және туыс емес донорлардың органдарының жетіспеушілігі", - дейді Нұрымова вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.
Ол донорлыққа және орган трансплантациясына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.
"Қазақстан халқына" қоры жұмысын бастаған сәттен бастап оған шетелде орган ауыстыру операциясына көмек көрсету бойынша 261 өтінім түскен. Туыс емес донорлардың органын алу үшін қазақстандықтар шетелдік клиникаларға баруға мәжбүр. Мысалы, Беларусьте жүрек ауыстыру құны 150 мың доллар, бауыр 140 мың доллар, ал бүйрек 50 мың доллар тұрады.
"Иран мен Пәкістанда бүйрек сату заңды және реттелген, орташа бағасы 5-6 мың доллар. Орган сату туралы бейресми хабарламаларды Қазақстанда да кездестіруге болады. Онда неге шет елдердің бүйрек сату мен сатып алу тәжірибесін зерттеп, бұл процесті бізде де реттемеске?", - дейді Нұрымова.
Депутаттың айтуынша, қолданыстағы заң донор таңдағанда генетикалық, жақын туысқандық байланыстың болғанын көздейді. Алайда көп жағдайда туыстар сәйкес келе бермейді.
"Бөтен адам органын беруге дайын, бірақ бұған заң рұқсат етпейді. Осыған байланысты материалдық өтемақыға ерікті негізде туыс емес донорлардың және қайтыс болған донорлардың бүйрегін беруге рұқсат ету мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймыз", - деді Нұрымова.
Бұдан бөлек, депутат мемлекеттен донорларға төлем төлеуді ұсынды.