Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш тақта орнатылды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіАсқар Забикулин
Асқар Забикулин - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Астанада құтқарушылар саябағында былтыр адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ескерткіш тақта ашылу шарасында департамент бөлімшелерінің жазғы киім киюге жеке құрамның ұйымдастырылған ауысуы мақсатында саптық байқау өткізілді. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлер өздерінің толық дайындығын көрсетті.
Еске сала кетсек, былтыр 16 қарашада Асқар Забикулин Астанадағы "Қаһармен" тұрғын үй кешенінде бірнеше адамды өрттен аман алып шықты. Ол 12-қабатта орналасқан терезеден құтқару арқаны арқылы 11 қабатқа түсіп, жанып жатқан пәтердің терезесінен түскен.
Сол уақытта пәтерде адамдар болған. Барлығы аман құтқарылды. Оның бірі – 10 жастағы бала. Адам өміріне араша болған құтқарушының денесінің 80%-ін күйік шалды. Ол 1-ші көп бейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Асқар Забикулин төрт күннен кейін 20 қарашада аурухана төсегінде көз жұмды.
Жаңалықтар
0