https://sputnik.kz/20230411/zhanarmaydyn-qymbattauy-zhaqyn-arada-azyq-tulik-bagasyna-aser-etpeydi--vitse-ministr-33811139.html
Жанармайдың қымбаттауы жақын арада азық-түлік бағасына әсер етпейді – вице-министр
Жанармайдың қымбаттауы жақын арада азық-түлік бағасына әсер етпейді – вице-министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Дизель отынының қымбаттауы таяу арада азық-түлік бағасына әсер етпейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков... 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T17:31+0500
2023-04-11T17:31+0500
2023-08-10T17:15+0500
жанармай
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_0:201:2925:1846_1920x0_80_0_0_161ff7cc0d01d2631c87263c78d19ec3.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Дизель отынының қымбаттауы таяу арада азық-түлік бағасына әсер етпейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер вице-министрден жанар-жағармай құнының өсуі жеміс-жидек, көкөніс, ет пен сүт өнімдерінің бағасына қалай әсер ететінін сұрады. Айта кетері, 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 205 теңгеден, дизель отыны литріне 295 теңгеден сатылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_96:0:2827:2048_1920x0_80_0_0_c90276ad1d317fbdf3f3c76bd65d18c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, баға, азық-түлік
жанармай, баға, азық-түлік
Жанармайдың қымбаттауы жақын арада азық-түлік бағасына әсер етпейді – вице-министр
17:31 11.04.2023 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Дизель отынының қымбаттауы таяу арада азық-түлік бағасына әсер етпейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер вице-министрден жанар-жағармай құнының өсуі жеміс-жидек, көкөніс, ет пен сүт өнімдерінің бағасына қалай әсер ететінін сұрады.
"Сарапшылардың бағалауынша, жанармай бағасының 20%-ке өсуі соңғы өнімнің 2-ден 5%-ке дейін қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бірақ, атап өтетін маңызды жәйт, қазір көктемгі жұмыстар үшін жанар-жағармайдың қажетті көлемі – 413 мың тонна қарастырылған. Бұл өткен жылға қарағанда 13 мың тоннаға артық, бағасы бойынша нарықтан 20%-ке төмен. Сол себепті дизель отынының қымбаттауы қысқа мерзімді келешекте бағаларға әсер етпейді", - деді Тасжүреков.
Айта кетері, 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 205 теңгеден, дизель отыны литріне 295 теңгеден сатылады.