Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуБидай
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Құжат жарияланған күнінен бастап, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енді.
Бұған дейін министрлік мұндай шешім бидайдың заңсыз әкелінуінен соңғы бірнеше жылда ішкі нарықтың зардап шегуіне байланысты қабылданғанын атап өтті.
Салалық қауымдастықтардың мәліметі бойынша сұр импорт деп аталатын мұндай тауардың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаға жетеді, ал мемлекетке келетін жалпы шығын жыл сайын 500 миллион долларға бағаланып отыр.
Жаңалықтар
0