Қазақстан автокөлікпен бидай әкелуге неге тыйым салды

© Photo : Пресс-служба министерства сельского хозяйстваУченые Казахстана разработали новый сорт зерна "Таймас"
Ученые Казахстана разработали новый сорт зерна Таймас - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2023
Жазылу
Шектеу алты ай бойы күшінде болады
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 10 сәуірден бастап Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы жылдары отандық бидай нарығы "сұр" импорттан зардап шегіп жатыр.
"Елге заңсыз әкелінген бидай транзиттік тарифі төленбей, жасырын реэкспорт түрінде Орта Азия елдеріне және Ауғанстанға жіберіледі. Салалық қауымдастықтардың мәліметінше "сұр" импорттың көлемі жылына 1,5-2 млн тоннаны құрайды. Ал мемлекетке келетін жалпы шығын жылына 500 млн долларға бағалануда", - деді Тасжүреков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бірнеше салалық қауымдастықтан түскен өтініштерді ведомствоаралық деңгейде жан-жақты қарап, 10 сәуірден бастап Қазақстанға автомобильмен бидай әкелуге алты айға дейін тыйым салған.
"Қабылданған шара, біріншіден, отандық бидай нарығын және ішкі бағаны тұрақтандыруға, екіншіден, басқа елдерден бидай тасымалдау кезінде салық заңнамасы аясында жұмыс істеуге септігін тигізеді деп сенеміз", - деді вице-министр.
Ол 2022 жылы соңғы он жылдағы рекордтық өнім жиналғанын атап өтті. Атап айтқанда, 22 млн тонна астық және дәнді бұршақты дақылдар, соның ішінде 16,4 млн тонна бидай жиналған.
"Статистикаға сәйкес, биыл 1 наурызда бидайдың оң балансы 10,4 млн тоннаны құрады. Бидайдың осы көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктеріне және белгілі көлемде экспортқа шығаруға толығымен жетеді. Қазіргі уақытта фермерлерде және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде бидайды тиімді бағамен сатуға және егін жинаудың жаңа маусымына дейін бидай сақтауға арналған қоймаларды босатуға барша мүмкіндігі бар", - деді Тасжүреков.
Жаңалықтар
0