https://sputnik.kz/20230411/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygynyn-elu-payyzy-memleket-menshigine-otti-33787996.html
Екібастұз жылу электр орталығының елу пайызы мемлекет меншігіне өтті
Екібастұз жылу электр орталығының елу пайызы мемлекет меншігіне өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы күзгі-қысқы кезеңде Екібастұзда жылумен байланысты проблема болмайтынын... 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T12:29+0500
2023-04-11T12:29+0500
2023-04-11T12:29+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1f0d1246a09faac13c8ce6f0ead1309a.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы күзгі-қысқы кезеңде Екібастұзда жылумен байланысты проблема болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның мәліметінше, бүгінде Екібастұз ЖЭО-ның жартысы мемлекетке өткен."Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сол себепті ЖЭО нысандары мен жылу желілерін коммуналдық меншікке өткізеді. 50% – біз коммуналдық меншікке алатын жабдық. Ол бюджет қаражаты есебінен жөнделеді. Жылу желілері бойынша да дәл солай. Қалғаны тепе-тең негізде. Осылайша, Екібастұзда келесі маусымда проблема болмайды", - деді Скляр үкімет кулуарында.Айтуынша, қаланы жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 5,3 шақырым жылу желісі жаңадан салынады. Жөндеу жұмыстарына жекеменшік компаниялар да қатысады."Коммуналдық меншікке өтетін жабдықтар мен жылу желілерін өз қаражатымыздан қаржыландырамыз. Ал акционерлерге тиесілі жабдыққа олар өздері ақша бөледі. Осылайша біз бірлесіп қаржыландыруды ұлғайтып, жылумен қамту мәселесін шешеміз", - деді Скляр.
https://sputnik.kz/20230411/zhylu-elektr-ortalyqtary-boyynsha-zhol-kartasy-azirlenedi-33781470.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_753c3a4d8cc579933e5e682169a0fb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұз жылу электр орталығының елу пайызы мемлекет меншігіне өтті
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы күзгі-қысқы кезеңде Екібастұзда жылумен байланысты проблема болмайтынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның мәліметінше, бүгінде Екібастұз ЖЭО-ның жартысы мемлекетке өткен.
"Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сол себепті ЖЭО нысандары мен жылу желілерін коммуналдық меншікке өткізеді. 50% – біз коммуналдық меншікке алатын жабдық. Ол бюджет қаражаты есебінен жөнделеді. Жылу желілері бойынша да дәл солай. Қалғаны тепе-тең негізде. Осылайша, Екібастұзда келесі маусымда проблема болмайды", - деді Скляр үкімет кулуарында.
Айтуынша, қаланы жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 5,3 шақырым жылу желісі жаңадан салынады. Жөндеу жұмыстарына жекеменшік компаниялар да қатысады.
"Коммуналдық меншікке өтетін жабдықтар мен жылу желілерін өз қаражатымыздан қаржыландырамыз. Ал акционерлерге тиесілі жабдыққа олар өздері ақша бөледі. Осылайша біз бірлесіп қаржыландыруды ұлғайтып, жылумен қамту мәселесін шешеміз", - деді Скляр.