https://sputnik.kz/20230411/dostyq-pen-senim-nurtileu-men-lavrov-maskeudege-kenesten-keyin-soz-soyledi-33816593.html
Достық пен сенім: Нұртілеу мен Лавров Мәскеудеге кеңестен кейін сөз сөйледі
Достық пен сенім: Нұртілеу мен Лавров Мәскеудеге кеңестен кейін сөз сөйледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге сапары барысында ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөз өткізді. 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T20:05+0500
2023-04-11T20:05+0500
2023-04-11T20:05+0500
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33808546_0:0:2860:1609_1920x0_80_0_0_4d165d535289419ceb62dfcce101cd56.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге сапары барысында ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөз өткізді.Екі жақты кездесудің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметімен құттықтады.Сергей Лавров баспасөз конференциясында екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа жоғары баға берді.Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы істер министрінің алғашқы сапарын Мәскеуден бастауы екі ел арасындағы сенім мен тығыз қарым-қатынастың белгісі. Өз тарапынан Мұрат Нұртілеу де ресейлік әріптесін жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.Екі елдің сыртқы істер министрлері транзит, энергетика, жоғары оқу орындарының филиалардарын ашуға дейінгі түрлі саладағы ынтымақтастықтың әлеуметі зор екенін атап өтті."Перспективалық бағыттар бойынша біз энергетика, бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аудардық. Сонымен қатар газ саласындағы жол картасын жүзеге асыруды да атап өтуге болады. Мұның барлығы екі елдің энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігінің кепілі", - деді Лавров.Сонымен қатар қос министр екі ел арасындағы тауарайналымының рекордтық көрсеткішіне тоқталды. "Батыстың заңсыз шектеулеріне қарамастан екі ел арасындағы тауарайналым өсіп келеді. Өткен жылы ол 28 миллиард доллар болып, рекордтық көрсеткішке жетті", - деді Лавров. Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу президенттердің тапсырмасына сәкес, екі ел арасындағы тауарайналымды одан әрі арттыру бағытында мемлекет барын салатынын атап өтті.
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33808546_100:0:2641:1906_1920x0_80_0_0_af6bcc54ae7e26e5b325050245d98f90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге сапары барысында ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөз өткізді.
Екі жақты кездесудің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Сергей Лавров Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметімен құттықтады.
Сергей Лавров баспасөз конференциясында екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа жоғары баға берді.
Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы істер министрінің алғашқы сапарын Мәскеуден бастауы екі ел арасындағы сенім мен тығыз қарым-қатынастың белгісі.
Өз тарапынан Мұрат Нұртілеу де ресейлік әріптесін жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.
"Ресей біздің стратегиялық одақтасымыз әрі еуразиялық кеңістіктегі негізгі экономикалық әріптесіміз. Сондықтан мен үшін сыртқы істер министрі ретінде алғашқы сапарымды Мәскеуден бастау маңызды болды", - деді Нұртілеу.
Екі елдің сыртқы істер министрлері транзит, энергетика, жоғары оқу орындарының филиалардарын ашуға дейінгі түрлі саладағы ынтымақтастықтың әлеуметі зор екенін атап өтті.
"Перспективалық бағыттар бойынша біз энергетика, бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аудардық. Сонымен қатар газ саласындағы жол картасын жүзеге асыруды да атап өтуге болады. Мұның барлығы екі елдің энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігінің кепілі", - деді Лавров.
Сонымен қатар қос министр екі ел арасындағы тауарайналымының рекордтық көрсеткішіне тоқталды.
"Батыстың заңсыз шектеулеріне қарамастан екі ел арасындағы тауарайналым өсіп келеді. Өткен жылы ол 28 миллиард доллар болып, рекордтық көрсеткішке жетті", - деді Лавров.
Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу президенттердің тапсырмасына сәкес, екі ел арасындағы тауарайналымды одан әрі арттыру бағытында мемлекет барын салатынын атап өтті.