https://sputnik.kz/20230411/aqtobede-elektr-zhelileri-qyzmetkerleri-zhalaqyny-100-ke-koterudi-talap-etti-33776505.html
Ақтөбеде электр желілері қызметкерлері жалақыны 100%-ке көтеруді талап етті
Ақтөбеде электр желілері қызметкерлері жалақыны 100%-ке көтеруді талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақтөбе электр желілерінің жүзден астам жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап етіп жатыр, деп хабарлады "Астана"... 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T09:32+0500
2023-04-11T09:32+0500
2023-04-11T09:32+0500
жалақы
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33774294_67:0:1134:600_1920x0_80_0_0_0a144a2b58ebba08fd750fca67c8158d.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақтөбе электр желілерінің жүзден астам жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап етіп жатыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Олардың айтуынша, қазіргі жалақымен өмір сүру мүмкін емес.Жалпы кәсіпорында 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Соңғы рет жалақы кезекті ереуілден кейін 2 жыл бұрын көтерілді, дейді жұмысшылар. Ол кезде жалақыны небәрі 20%-ке өсіруге қол жеткізген. Биылғы жылдың басында басшылық жалақыны қайта қарауға уәде бергенімен, халық әлі күтіп отыр.Біраз уақыттан кейін жұмысшыларды басшылықпен кездесуге шақырды. Жұмысшылар егер жалақыны 2 есеге көтермесе, жұмыс істеуден бас тартатындарын жеткізген."Айлығым 103 900, үстемеақы қосылды, осы айда 122 мың алдым. 100% көтеруді талап етеміз немесе жұмыстан бас тартамыз!", – деді электр маманы Өмірсерік Требаев.Басшылықтың айтуынша, компанияның қызметін табиғи монополияларды реттеу департаменті бақылайды. Жалақының мөлшері де осы ведомствомен келісіледі. Сондықтан электр желілері компаниясы наурыз айының соңында тиісті өтінім берген.Ол жиында департамент жауабын сәуір айының соңына дейін аламыз деп сендірді. Егер тиісті жауап оң сипатта болса, онда мамыр айынан бастап жұмысшылар жоғары жалақы алады. Алайда жалақының қаншалықты өсетіні әзірге белгісіз.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33774294_200:0:1000:600_1920x0_80_0_0_21c7bba99711ff184f24d25d5afe9d4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, ақтөбе
Ақтөбеде электр желілері қызметкерлері жалақыны 100%-ке көтеруді талап етті
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақтөбе электр желілерінің жүзден астам жұмысшысы ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап етіп жатыр, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Олардың айтуынша, қазіргі жалақымен өмір сүру мүмкін емес.
"Еңбегімізді тиісінше бағалап, жалақыны көтергенін қалаймыз. Менің айлығым 80 мың теңге. Көзге көрінбейді. Кредит, азық-түлік, коммуналдық төлемдерге ғана жетеді! Қайтіп күн көреміз?" – дейді контроллер Әсия Гумирова.
Жалпы кәсіпорында 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Соңғы рет жалақы кезекті ереуілден кейін 2 жыл бұрын көтерілді, дейді жұмысшылар. Ол кезде жалақыны небәрі 20%-ке өсіруге қол жеткізген. Биылғы жылдың басында басшылық жалақыны қайта қарауға уәде бергенімен, халық әлі күтіп отыр.
Біраз уақыттан кейін жұмысшыларды басшылықпен кездесуге шақырды. Жұмысшылар егер жалақыны 2 есеге көтермесе, жұмыс істеуден бас тартатындарын жеткізген.
"Айлығым 103 900, үстемеақы қосылды, осы айда 122 мың алдым. 100% көтеруді талап етеміз немесе жұмыстан бас тартамыз!", – деді электр маманы Өмірсерік Требаев.
Басшылықтың айтуынша, компанияның қызметін табиғи монополияларды реттеу департаменті бақылайды. Жалақының мөлшері де осы ведомствомен келісіледі. Сондықтан электр желілері компаниясы наурыз айының соңында тиісті өтінім берген.
"Табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтінім берілді, қазір олар өтінімді қарастырып жатыр. Жалпы заң бойынша 45 күннің ішінде қарау керек, бірақ жылдамдатамыз деп уәде берді", - деді "Энергосистема" ЖШС атқарушы директоры Марат Аманғалиев.
Ол жиында департамент жауабын сәуір айының соңына дейін аламыз деп сендірді. Егер тиісті жауап оң сипатта болса, онда мамыр айынан бастап жұмысшылар жоғары жалақы алады. Алайда жалақының қаншалықты өсетіні әзірге белгісіз.