Алматы облысында жол апатынан екі адам зардап шекті

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылында жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
11 сәуірде "Nissan" автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Талғар-Бәйтерек автожолымен келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, "Range Rover" көлігімен соқтығысты. Бұл көлікті 1990 жылғы әйел адам басқарған.
Апат салдарынан "Nissan" автокөлігінің жүргізушісі және оның 2002 жылғы екі жолаушысы ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
"Бұл дерек бойынша бастапқы материал жиналып, ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция басқармасына тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар жасалады", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0