Заңсыз қару қай өңірде көп тапсырылады

© Photo : pixabay/Jason Gillman Қару
Қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі соңғы 11 жылдың ішінде өз еркімен тапсырылған заңсыз қару-жарақтың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полицияның қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды сатып алу акциясы 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 11 жылдың ішінде 56 мыңнан астам атыс қаруы мен 2 миллионнан артық ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылды. Бюджеттен 1,9 млрд теңге сыйақы ретінде төленді.
"Өткен жылғы акция кезінде жалпы соммасы 89 млн теңгеге 1400 бірлік атыс қаруы, 10 мыңнан астам ойық қаруының патрондары тапсырылды", - деді Ыдырысов бүгінгі онлайн брифингте.
Былтырғы акцияда оңтүстік өңірлерде ең көп заңсыз қару тапсырылды.
Түркістан облысы – 237 бірлік;
Жамбыл облысы – 160 бірлік;
Шығыс Қазақстан облысы – 153 бірлік;
Қызылорда облысы – 116 бірлік;
Қарағанды облысы – 107 бірлік;
Ақмола облысы – 105 бірлік;
Алматы облысы – 90 бірлік.
Ресми мәліметке сәйкес, осындай іс-шаралар криминогендік ахуалға оң септігін тигізіп отыр. Мәселен, соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны екі есеге азайған.
Айта кетері, бүгін заңсыз қару-жарақты сатып алу бойынша кезекті республикалық акция басталды. Сыйақының мөлшері 34-345 мың теңгені құрайды.
Жаңалықтар
0