https://sputnik.kz/20230410/ukraina-armiyasyna-aqsh-pen-nato-komegi-kerek-pe-34042148.html
Украина армиясына АҚШ пен НАТО көмегі керек пе?
Украина армиясына АҚШ пен НАТО көмегі керек пе?
Sputnik Қазақстан
Батыстың Киев режиміне әскери көмегі НАТО блогының әлсіреуіне, Еуроодақтың экономикалық тоқырауына және америкалық үстемдіктің жойылуына әкеледі, деп жазды... 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T22:52+0500
2023-04-10T22:52+0500
2023-04-18T12:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839857_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_e1d093a2f0e0cadf8f36165498329b58.jpg
Батыстың Киев режиміне әскери көмегі НАТО блогының әлсіреуіне, Еуроодақтың экономикалық тоқырауына және америкалық үстемдіктің жойылуына әкеледі, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Ұжымдық Батыс Ресей қару-жарақ пен оқ-дәрілердің өндірісін ұдайы арттыра отырып, Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында атыс, тактикалық және стратегиялық артықшылыққа ие екенін елемеуге тырысып жатыр. Киев режимі НАТО-ның арсеналдары мен Украина Қарулы күштерінің мобилизациялау резервтерін тиімсіз пайдаланып жатыр."Вашингтон мен Киев көптен бері уәде еткен украин армиясының "қарсы шабуылы" әртүрлі себептермен қыстан көктемге және көктемнен жазға шегеріліп жатыр. Әскери көмек көрсетіп жатқан елдердің арсеналдары босауға жақын, қолда бар броньдалған техника жөнделіп жатыр. Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің ресурстары мен резервтерін қиратып жатыр", - деп жазды Хроленко.Артемовск үшін стратегиялық шайқас аяқталып жатыр. Ресейлік әскер украин гарнизонын "Бахмут бекінісінің" орталығынан қаланың батыс шетіне қарай ығыстырды. Артемовсктегі барлық әкімшілік ғимараттар мен маңызды өндірістік нысандар өткен аптада "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының бақылауына өтті. Шайқас Артемовск қаласынан батысқа қарай бес шақырым жерде Богданов ауылына кіреберісте жүріп жатыр. Часов Ярдан Украина Қарулы күштерін жабдықтау жолдары түгелдей ресейлік артиллерия нысанасында тұр.Украина армиясы қорғаныс шебін нығайтып, әскери техниканы тікелей Артемовск/Бахмуттың батысындағы төбеде орналасқан Часов Яр қаласына орналастырып жатыр. Хроленконың пікірінше, ауыр броньдалған машиналар мен артиллерия саны жағынан айтарлықтай әлсіз Украина Қарулы күштері аумақты ұзақ ұстап тұра алмайды. АҚШ пен НАТО-ның басқа елдеріндегі кәсіпорындар Киевке қажетті танктер мен артиллериялық снарядтардың өндірісін ретке келтіру үшін көп жыл қажет болады.Украинаның әскери іс-қимылдар театрында Ресей Қарулы күштері Авдеевка, Днепропетровск, Константиновка, Краматорск, Марынка, Угледар, сондай-ақ Запорожье, Харьков, Херсон және Чернигов облыстарындағы Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, техникасын, арсеналдарын және базаларын жойып жатыр. Украин әскерінің нысаналары мен позицияларына жаппай әуеден және артиллериялық соққылар тәулігіне бірнеше рет әдістемелік түрде жүргізіледі."Авдеевка бағытында Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері Красногоровка, Веселое және Каменкаға қарай жылжыды. Бұл қаланы бұрынғы Соледар мен Артемовсктегідей үш жағынан қоршау ықтималдылығын білдіреді. Авдеевкадағы Украина Қарулы күштері бірнеше жыл ішінде кокстеу зауытының жертөлелерін басқа кәсіпорындармен байланыстыратын ондаған жерасты өткелдерін салды. Сондықтан Ресей артиллериясының Украинаның бекініс аймағына бағыттаған соққылары әрқашан нысанаға дәл жете бермейді. Салмағы бір тоннадан асатын оқтұмсығы бар УПАБ-1500 басқарылатын жоспарлаушы авиабомбаларды жаппай қолдану бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді", - деп жазылған материалда.Дәл осындай әуе бомбалары Херсон облысының оң жағалауындағы Кизомыс ауылы маңындағы Украина армиясының резервтеріне, Днепропетровск маңындағы қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген пойызға бағытталды.Ресейлік дәлдігі жоғары зымырандардың соққыларымен зымыран-артиллериялық қарулар мен оқ-дәрілердің қоймалары, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылға арналған 70 мың тонна жанармай қоймасы толығымен қиратылды.Әскери шолушы жазғандай, украин бөлімшелерінің Северск маңындағы қарсы шабуыл және Купянск бағытында ротация жасау әрекеттернің жолы кесілді. 9 сәуірде Ресей әскері Харьков облысындағы Украина Қарулы күштерінің "Харьков" жедел тобының жетекші командалық пунктін зымыран соққысымен қиратты. Бұл стратегиялық нысан Ресей Федерациясының шекарасынан 20 шақырымдай жерде, Великий Бурлук ауылына жақын маңда орналасқан. Жалпы бір айдың ішінде украин армиясының сегіз командалық пункті жойылды.Арнайы әскери операцияның алғашқы 400 күні АҚШ пен НАТО-ның әскери жеткізілімдері Киев режиміне көмектеспейтінін дәлелдеді. Керісінше, америкалық көп миллиард долларлаған әскери көмек Украинаның Қарулы күштері мен Украина мемлекеттілігін өзін-өзі жоюға мәжбүр етеді. Америкалық әскери сарапшы Скотт Риттер Украина Қарулы күштерінің соғыс қимылдары кезіндегі адам шығынын 330 мың деп бағалады.Соңғы үш айда ресейлік әскер 59 дана M777 артиллериялық жүйесін, 13 дана Paladin өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын және америкалық HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 14 дана қондырғысын, сондай-ақ Украинаға Франциядан, Германиядан, Польшадан және Чехиядан жеткізілген 30 дана өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны жойды. Осы қарқын жалғаса берсе, 2023 жылдың соңына қарай НАТО артиллериясыз қалуы мүмкін.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839857_167:0:2898:2048_1920x0_80_0_0_d51b7b3ce92889276d045b138d1129c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Батыстың Киев режиміне әскери көмегі НАТО блогының әлсіреуіне, Еуроодақтың экономикалық тоқырауына және америкалық үстемдіктің жойылуына әкеледі, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ұжымдық Батыс Ресей қару-жарақ пен оқ-дәрілердің өндірісін ұдайы арттыра отырып, Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында атыс, тактикалық және стратегиялық артықшылыққа ие екенін елемеуге тырысып жатыр. Киев режимі НАТО-ның арсеналдары мен Украина Қарулы күштерінің мобилизациялау резервтерін тиімсіз пайдаланып жатыр.
"Вашингтон мен Киев көптен бері уәде еткен украин армиясының "қарсы шабуылы" әртүрлі себептермен қыстан көктемге және көктемнен жазға шегеріліп жатыр. Әскери көмек көрсетіп жатқан елдердің арсеналдары босауға жақын, қолда бар броньдалған техника жөнделіп жатыр. Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің ресурстары мен резервтерін қиратып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Артемовск үшін стратегиялық шайқас аяқталып жатыр. Ресейлік әскер украин гарнизонын "Бахмут бекінісінің" орталығынан қаланың батыс шетіне қарай ығыстырды. Артемовсктегі барлық әкімшілік ғимараттар мен маңызды өндірістік нысандар өткен аптада "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының бақылауына өтті. Шайқас Артемовск қаласынан батысқа қарай бес шақырым жерде Богданов ауылына кіреберісте жүріп жатыр. Часов Ярдан Украина Қарулы күштерін жабдықтау жолдары түгелдей ресейлік артиллерия нысанасында тұр.
Украина армиясы қорғаныс шебін нығайтып, әскери техниканы тікелей Артемовск/Бахмуттың батысындағы төбеде орналасқан Часов Яр қаласына орналастырып жатыр. Хроленконың пікірінше, ауыр броньдалған машиналар мен артиллерия саны жағынан айтарлықтай әлсіз Украина Қарулы күштері аумақты ұзақ ұстап тұра алмайды. АҚШ пен НАТО-ның басқа елдеріндегі кәсіпорындар Киевке қажетті танктер мен артиллериялық снарядтардың өндірісін ретке келтіру үшін көп жыл қажет болады.
Украинаның әскери іс-қимылдар театрында Ресей Қарулы күштері Авдеевка, Днепропетровск, Константиновка, Краматорск, Марынка, Угледар, сондай-ақ Запорожье, Харьков, Херсон және Чернигов облыстарындағы Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, техникасын, арсеналдарын және базаларын жойып жатыр. Украин әскерінің нысаналары мен позицияларына жаппай әуеден және артиллериялық соққылар тәулігіне бірнеше рет әдістемелік түрде жүргізіледі.
"Авдеевка бағытында Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері Красногоровка, Веселое және Каменкаға қарай жылжыды. Бұл қаланы бұрынғы Соледар мен Артемовсктегідей үш жағынан қоршау ықтималдылығын білдіреді. Авдеевкадағы Украина Қарулы күштері бірнеше жыл ішінде кокстеу зауытының жертөлелерін басқа кәсіпорындармен байланыстыратын ондаған жерасты өткелдерін салды. Сондықтан Ресей артиллериясының Украинаның бекініс аймағына бағыттаған соққылары әрқашан нысанаға дәл жете бермейді. Салмағы бір тоннадан асатын оқтұмсығы бар УПАБ-1500 басқарылатын жоспарлаушы авиабомбаларды жаппай қолдану бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді", - деп жазылған материалда.
Дәл осындай әуе бомбалары Херсон облысының оң жағалауындағы Кизомыс ауылы маңындағы Украина армиясының резервтеріне, Днепропетровск маңындағы қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген пойызға бағытталды.
Ресейлік дәлдігі жоғары зымырандардың соққыларымен зымыран-артиллериялық қарулар мен оқ-дәрілердің қоймалары, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылға арналған 70 мың тонна жанармай қоймасы толығымен қиратылды.
Әскери шолушы жазғандай, украин бөлімшелерінің Северск маңындағы қарсы шабуыл және Купянск бағытында ротация жасау әрекеттернің жолы кесілді. 9 сәуірде Ресей әскері Харьков облысындағы Украина Қарулы күштерінің "Харьков" жедел тобының жетекші командалық пунктін зымыран соққысымен қиратты. Бұл стратегиялық нысан Ресей Федерациясының шекарасынан 20 шақырымдай жерде, Великий Бурлук ауылына жақын маңда орналасқан. Жалпы бір айдың ішінде украин армиясының сегіз командалық пункті жойылды.
Арнайы әскери операцияның алғашқы 400 күні АҚШ пен НАТО-ның әскери жеткізілімдері Киев режиміне көмектеспейтінін дәлелдеді. Керісінше, америкалық көп миллиард долларлаған әскери көмек Украинаның Қарулы күштері мен Украина мемлекеттілігін өзін-өзі жоюға мәжбүр етеді. Америкалық әскери сарапшы Скотт Риттер Украина Қарулы күштерінің соғыс қимылдары кезіндегі адам шығынын 330 мың деп бағалады.
Соңғы үш айда ресейлік әскер 59 дана M777 артиллериялық жүйесін, 13 дана Paladin өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын және америкалық HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 14 дана қондырғысын, сондай-ақ Украинаға Франциядан, Германиядан, Польшадан және Чехиядан жеткізілген 30 дана өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны жойды. Осы қарқын жалғаса берсе, 2023 жылдың соңына қарай НАТО артиллериясыз қалуы мүмкін.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.