https://sputnik.kz/20230410/chatgpt-da-qazaq-tilin-qoldanu-ayasy-keneyedi-33758948.html
ChatGPT-да қазақ тілін қолдану аясы кеңейеді
ChatGPT-да қазақ тілін қолдану аясы кеңейеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ChatGPT пен Microsoft сервистерінде қазақ тілін кеңейту... 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T15:34+0500
2023-04-10T15:34+0500
2023-04-10T15:34+0500
қазақ тілі
бағдат мусин
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15298446_0:187:2000:1312_1920x0_80_0_0_9045cbcfb27da27a44374cb2990caaa0.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ChatGPT пен Microsoft сервистерінде қазақ тілін кеңейту мәселесі туралы жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министр әлеуметтік желідегі парақшасында Microsoft компаниясының Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашатынын мәлімдеді. Осы орайда министр мультиаймақтық хабтың тиімділігін де ерекше атап өтті. "Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Мусин.Айта кетері, ChatGPT (ағылшын тілінде Generative Pre-trained Transformer - алдын ала оқытылған генеративті трансформет) – бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-бот. Чат диалог режимінде жұмыс істейді және сан алуан тілдерде түскен тапсырыстарды орындайды. 2022 жылы 30 қарашада іске қосылған ChatGPT-тың мүмкіндігі кең. Соның ішінде код жазу, мәтін құру, аударма жасау және тағы басқа функциялар бар. Биыл ақпанның басында Reuters ChatGPT-ты қолданатын адамдардың саны 100 миллионға жеткенін хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15298446_0:0:2000:1500_1920x0_80_0_0_f6baaa4f87b1b321ef658314626149c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі, бағдат мусин
ChatGPT-да қазақ тілін қолдану аясы кеңейеді
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ChatGPT пен Microsoft сервистерінде қазақ тілін кеңейту мәселесі туралы жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Министр әлеуметтік желідегі парақшасында Microsoft компаниясының Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашатынын мәлімдеді.
"Бүгін бізге қабылданған шешім жөнінде ресми түрде хабарланды. Microsoft корпорациясы Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашуға дайын, ол Орталық Азия елдерінен бөлек, Әзербайжан, Армения, Грузия, Монғолия және Пәкістан елдерін де қамтиды. Сондай-ақ корпорацияның ChatGPT сияқты көптеген сервистерінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі талқыланды", - дейді Мусин.
Осы орайда министр мультиаймақтық хабтың тиімділігін де ерекше атап өтті.
"Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Мусин.
Айта кетері, ChatGPT (ағылшын тілінде Generative Pre-trained Transformer - алдын ала оқытылған генеративті трансформет) – бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-бот. Чат диалог режимінде жұмыс істейді және сан алуан тілдерде түскен тапсырыстарды орындайды.
2022 жылы 30 қарашада іске қосылған ChatGPT-тың мүмкіндігі кең. Соның ішінде код жазу, мәтін құру, аударма жасау және тағы басқа функциялар бар. Биыл ақпанның басында Reuters ChatGPT-ты қолданатын адамдардың саны 100 миллионға жеткенін хабарлады.