Қоғам

Ақтөбеде онконауқастарға арналған ауруханада лейкопластырь орнына скотч қолданып жүр

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар үшін пластырь орнына скотч пайдаланып жүр, деп хабарлайды "Диапазон".
Онкология бөлімінде есепте тұрған қала тұрғыны ауруханада лейкопластырь жоқ екеніне шағымданған.
"Аурухана емханасы мен бөлімшелерінде анализ алғаннан кейін укол орнына жабыстыратын қарапайым лейкопластырь жоқ. Кәдімгі скотчты пайдаланып жүр", - дейді пациент.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұндай проблема барын жоққа шығармады. Ведомство қосымша лейкопластырь жеткізуге өтінім берген.
"Наурыз айында екінші клиникалық топты динамикалық бақылау аясында барлық пациенттен онкопатология ағымын болжау және мониторингілеу үшін онкомаркерлер алынды. Сол себепті инвазивті араласу ұлғайды. 30 наурызда лейкопластырьдің көп пайдаланылғанына байланысты қосымша өтінім берілді. Ресми жеткізуші "СК-Фармация" өкілінің айтуынша, жеткізу мерзімі үш жұмыс күнін құрайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0