Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысы Жаңажол-Сарыкөл автожолында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 7 сәуірде болған. Сарыкөл ауылының маңында Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Renault Daster автокөлігімен соқтығысты. Бұл көлікті 68 жастағы ер адам басқарған.
"Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде жан тапсырды. Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған бала", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2023
Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Жаңалықтар
0