https://sputnik.kz/20230410/almatyda-zhanbolat-mamayga-qatysty-sot-ukimi-shyqty-33762106.html
Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты
Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T15:49+0500
2023-04-10T15:49+0500
2023-04-10T15:49+0500
алматы
сот
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мамайдың ісі Бостандық ауданының 2 сотында қаралды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған болатын. Соның ішінде билік өкілдерін қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру әрекеттері бар. Сот материалдарына сәйкес, Мамай Алматы қаласында тіркелмеген партияның заңсыз митингін өткізгенде полицияны көпшілік көзінше балағаттаған. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тіркелмеген партия қатарына қосылуға үндеді. Кредиттік рақымшылық жасалатыны туралы жалған ақпарат таратып, халықты банктер мен микроқаржы мекемелеріне арыз түсіруге шақырды. Сондай-ақ сот материалында Мамайдың қаңтар оқиғасы кезінде "Алматы арена" мұз сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырып, билікті ауыстыру қажет деп айтқаны тіркелген. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсеткені де назарға алынды. Сот үкімін шығару кезінде жазаны жеңілдетітін мән-жайлар ескерілді. Мамайдың асырауында үш кішкентай баласы бар. Сондай-ақ оған оң мінездемелер берілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. "Бұл ретте билік өкілдерін қорлау бойынша ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. Оған қоса, Мамайға 6 жыл бойы әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мамайдың ісі Бостандық ауданының 2 сотында қаралды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған болатын. Соның ішінде билік өкілдерін қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру әрекеттері бар.
Сот материалдарына сәйкес, Мамай Алматы қаласында тіркелмеген партияның заңсыз митингін өткізгенде полицияны көпшілік көзінше балағаттаған. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тіркелмеген партия қатарына қосылуға үндеді. Кредиттік рақымшылық жасалатыны туралы жалған ақпарат таратып, халықты банктер мен микроқаржы мекемелеріне арыз түсіруге шақырды.
Сондай-ақ сот материалында Мамайдың қаңтар оқиғасы кезінде "Алматы арена" мұз сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырып, билікті ауыстыру қажет деп айтқаны тіркелген. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсеткені де назарға алынды.
Сот үкімін шығару кезінде жазаны жеңілдетітін мән-жайлар ескерілді. Мамайдың асырауында үш кішкентай баласы бар. Сондай-ақ оған оң мінездемелер берілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Бұл ретте билік өкілдерін қорлау бойынша ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Оған қоса, Мамайға 6 жыл бойы әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.