Sputnik Қазақстан мерейтойлық құттықтаулар мен жылы тілектерге қосылады. Барлаушыдан ТМД Атқару комитетінің басшысына дейінгі Сергей Лебедев жүріп өткен күрделі жол туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев 75 жасқа толып жатыр
Sputnik Қазақстан мерейтойлық құттықтаулар мен жылы тілектерге қосылады. Барлаушыдан ТМД Атқару комитетінің басшысына дейінгі Сергей Лебедев жүріп өткен күрделі жол туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Лебедев Өзбекстан КСР-дің Джизак қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген: әкесі Ұлы Отан соғысының қатысушысы, анасы Ленинград қоршауынан аман қалған.
Сергей Николаевич өз балалық шағы орыс, украин, өзбек, тәжік, татар, еврей, неміс ұлтының адамдары бірге өмір сүрген өзбек махалласында өткенін мақтан етеді. Лебедев әлі күнге дейін көптеген құрдасымен байланыс үзбеген.
Сол жылдардағы көптеген ұл балалар сияқты, Сергей де ғарышкер болуды армандады. Оның Герман Титовке арналған өлеңі "Пионерская правда" газетінде жарияланған. Ал Сергей Николаевичтің өзі Украинаға Чернигов авиациялық училищесіне түсуге аттанған.
Бірақ тағдыр жолы мүлде басқаша болды: жас комсомол барлау қызметінің көзіне түсті. Содан кейін Лебедев ол жақтан КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші Бас басқармасына қызметке ауысты және 1975 жылы ол шетелге жіберілді: алдымен ГДР-ге, содан кейін Боннға (ГФР).
20 жыл ішінде Сергей Лебедев Еуропаның көптеген елінде болып қайтты. Бірақ әлі күнге дейін достары көп Германияға деген сезімі ерекше. Сергей Николаевич неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Жаңа қызметінде Лебедевке күрделі миссия - Ресей сыртқы барлау қызметі мен шетелдік барлау қызметтерінің өзара әрекеттесу нүктелерін табу тапсырылды. Суретте - Сергей Лебедев АҚШ Орталық барлау қызметінің басшысы Джордж Теннетпен.
Сергей Николаевич Сыртқы барлау қызметін басқарған 7 жыл бойы әлемнің түкпір-түкпірінде болып, басқа мемлекеттердің арнайы қызметтерінің өкілдерімен кездесті.
Лебедевтің 2007 жылы ТМД Атқарушы хатшысы лауазымына тағайындалуының бір себебі де осы болды. Ресей президенті Владимир Путин Сергей Николаевичтің жаңа жұмыс орны туралы айта келіп, бұл "елдің сыртқы саясаты үшін ең маңызды бағыт" екенін атап өтті.
Лебедев ТМД Атқару комитетінің басшысы қызметіндегі өз миссиясын былайша сипаттады: "Мен үшін біздің халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты сақтау мақсатындағы жұмыс – қасиетті іс".
Бұл мақсаттарға қол жеткізуде оның жеке қасиеттері де көмектеседі: Сергей Николаевич кез келген адамды, тіпті егер олар мемлекет басшылары болса да әңгімеге тартып, өзін жақсы қырынан көрсете алады.
Лебедев "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған, сонымен қатар оның Өзбекстанның "Дустлик" ордені, Беларусьтің "Құрмет" ордені, Молдованың Ұлы Стефан ордені және басқа да шет мемлекеттердің көптеген марапаты бар.
Лебедев көршілес елдердегі сайлауда ТМД миссияларын үнемі басқарады. 2020 жылғы Беларусь президентінің сайлауы кезінде Сергей Николаевич сайлау процесінің Беларусь Конституциясы мен Сайлау кодексіне сәйкес өткеніне өзі көз жеткізді.
Сергей Николаевич 16 жылдан бері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы бейбітшілік, тәртіп пен тату көршілік қарым-қатынастарға жауапты бағытты басқарып келеді. Сергей Николаевичтің миссиясы ТМД шекарасымен шектелмейтіні белгілі. Суретте: Сергей Лебедев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен ТМД Экономикалық кеңесінің 97-ші отырысында.