"Ручникті" тартты ма – Шымкенттегі трагедияның анық-қанығы тергеуден кейін мәлім болады

© Photo : Otyrar.kzШымкентте автобус жаяу жүргіншілерді қағып өлтірді
Шымкентте автобус жаяу жүргіншілерді қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Шымкентте 6 адамды қағып кеткен автобустың жүргізушісі көліктің қол тежегішін тартпағаны туралы ақпараттың анық-қанығы тергеу қорытындысынан кейін ғана мәлім болады. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев айтты, деп хабарлады Otyrar QAZ Telegram каналы.
"Кешегі болған жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу жұмыстарының нәтижесін күтейік. "Ручникке" қойды ма, жоқ па деген сауалға тергеу біткен кезде ғана нақты жауап бере аламыз. Жүргізуші кінәлі ме, автобустың техникалық ақауы болды ма? Мұның барлығы тергеу нәтижесінен кейін анықталады", — деді Қоқанбаев.
Бұған дейін апатқа ұшыраған № 21 бағыттағы автобусқа иелік ететін Shymkent BUS компаниясының директоры Азат Қайыпбек: "Жүргізуші автобусты сөндірмеген, қол тежегішін қосып қойғанына көз жеткізбеген. Автобусты сыртынан құлыптап, дәретханаға шығып кеткен. Автобус адамдарды соғып, тоқтаған кезде артынан жүгіріп келіп, қол тежегішін тартып қойған" дегенеді.
Еске сала кетейік, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен. 5 адам көз жұмды, 1 адам ауруханада жатыр.
Жаңалықтар
0