"Павлодар-водоканалдың" жұмысы тексеріледі

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Павлодарда 6 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен сумен жабдықтау желілері әлі іске қосылмағаны анықталды. Мемлекеттік органдар "Павлодар-водоканал" ЖШС жұмысын тексереді, деп хабарлады @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығының су құбырларында соңғы уақытта апат жиілеген. "Павлодар-Водоканал" ЖШС бұл учаскелерді бірнеше жыл бұрын күрделі жөндеуден өткізіпті. Бірақ тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері жөндеу жұмыстарының сапасыз атқарылғанын анықтады.
Мамандар Торайғыров көшесі, 111 мекенжайындағы инженерлік желіні тексерді. Ол 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бірақ алты жылдан бері тұтынушылар суды ескі құбырдан пайдаланып келген. Өйткені 2017 жылы салынған желі пайдалануға берілмеген.
Петропавлдағы жарылған су құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Петропавлдағы апатты су құбыры жазға дейін қосылмайды
Жаңалықтар
0