Алматы облысында көлік шиналары тұрған үлкен қойма өртенді

© ДЧС АлматыӨрт, архивтегі фото
Өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Алматы облысында ірі өрт болды. 700 шаршы метр аумақта көлік шиналары тұрған қойма өртенді, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Сағат 07.20-да Қаскелеңнің №5 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қоймада автомобиль шиналарының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бір қабатты L-тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 1600 шаршы метрді құрайды, өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт 700 шаршы метр аумаққа жайылып, содан кейін 64 шаршы метрлік әкімшілік ғимаратты зақымдаған.
Ең жақын өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт сағат 09.08-де оқшауланып, тағы бес сағаттан кейін толығымен жойылды.
"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 1400 шаршы метр болатын қойма толық өртеніп кетпей аман қалды. Жеке тұрғын үйлерге қауіп жоқ", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Анықтау бөлімінің және сынақ зерттеу өрт зертханасының қызметкерлері оқиға орнында өрттің себебін анықтап жатыр.
"Қарасай ауданы төтенше жағдайлар бөлімі осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 292 - бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп атап өтті ТЖД.
Жаңалықтар
0