Астанада терроризмді насихаттаған Тәжікстан азаматына үкім шығарылды

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 сәуір - Sputnik. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының Тәжікстан Республикасының 26 ​​жастағы азаматына қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған "М" өз бетінше астаналық діндарларды "қарулы жиһадқа" қатысуға үндеген.
Сонымен қатар, ол өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.
Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары "Терроризмді насихаттау", "Терроризм қызметін қаржыландыру" бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0