https://sputnik.kz/20230408/pavlodarda-turgyn-mas-kuyde-avtokranmen-tort-patruldik-mashinany-qagyp-ketti-33706951.html
Павлодар тұрғыны автокранмен төрт патрульдік машинаны қағып кетті
Павлодар тұрғыны автокранмен төрт патрульдік машинаны қағып кетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 сәуір - Sputnik. Павлодар тұрғыны мас күйде автокранды ұрлап, жергілікті полицияның төрт қызметтік автокөлігін қағып, полициядан жасырынбақ болған... 08.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-08T13:31+0500
2023-04-08T13:31+0500
2023-04-08T13:44+0500
павлодар облысы
мас жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33706257_0:306:1171:964_1920x0_80_0_0_f6ff30b9b0a4fb0903d79a9cb1bd4055.jpg
АЛМАТЫ, 8 сәуір - Sputnik. Павлодар тұрғыны мас күйде автокранды ұрлап, жергілікті полицияның төрт қызметтік автокөлігін қағып, полициядан жасырынбақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 8 сәуірде таңертең болды. Қашқан автокран жүргізушісі бірнеше жол-көлік оқиғасын жасады, салдарынан 4 патрульдік полиция мен Toyota Avalon қызметтік көліктері зардап шекті. Жүргізуші Малая айналма көшесінде ұсталды, өйткені автокран аударылып қалған. "Жүргізуші, 1999 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғыны. Ұсталған кезде мас күйде болған, медициналық куәландыру мұны растады", - деп хабарлады полиция. Жүргізушінің бұл автокөлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі жоқ. Қылмыстық кодекстің 200-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бап - ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты Көлік құралдарын құқықсыз басқарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотта қаралады. Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік көліктерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33706257_0:196:1171:1074_1920x0_80_0_0_dbe976265ed81bd215e3b59fcc3e5759.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, мас жүргізуші
павлодар облысы, мас жүргізуші
Павлодар тұрғыны автокранмен төрт патрульдік машинаны қағып кетті
13:31 08.04.2023 (жаңартылды: 13:44 08.04.2023) АЛМАТЫ, 8 сәуір - Sputnik. Павлодар тұрғыны мас күйде автокранды ұрлап, жергілікті полицияның төрт қызметтік автокөлігін қағып, полициядан жасырынбақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 8 сәуірде таңертең болды.
"Полиция қызметкерлері қаланы патрульдеу кезінде таңғы сағат 05:30 шамасында Ломов көшесіндегі МАЗ кран көлігін тоқтатпақ болған. Бірақ жүргізуші полиция талабын орындамай, керісінше қашпақ болған", - деп мәлімдеді ведомство.
Қашқан автокран жүргізушісі бірнеше жол-көлік оқиғасын жасады, салдарынан 4 патрульдік полиция мен Toyota Avalon қызметтік көліктері зардап шекті. Жүргізуші Малая айналма көшесінде ұсталды, өйткені автокран аударылып қалған.
"Жүргізуші, 1999 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғыны. Ұсталған кезде мас күйде болған, медициналық куәландыру мұны растады", - деп хабарлады полиция.
Жүргізушінің бұл автокөлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі жоқ. Қылмыстық кодекстің 200-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бап - ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену.
Сонымен қатар жүргізушіге қатысты Көлік құралдарын құқықсыз басқарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотта қаралады. Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік көліктерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.