Өңірлер

Ақмола облысында трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр

© Photo : Комитет по ЧС МВД КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Құтқарушылар мен полиция суға батқан трактордың жүргізушісін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні сағат 04.07 шамасында Бұланды ауданы Қараөзек ауылының маңында болған.
"Трактор жүргізушісі тасып жатқан Қайрақты өзенінен өтпек болған. Алайда рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік су астында қалды", - деп мәлімдеді қайғылы оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органы.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.
"Жолдың осы учаскесіне кірген кезде қызыл жолақтары бар екі бетон блок және "қозғалысқа тыйым салынады" деген жол белгісі орнатылған. Бұл ақпарат қазір тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Трактор жүргізушісі – Макинск қаласының 36 жастағы тұрғыны. Ол әріптесін еңбек ауысымынан кейін Қараөзекке үйіне апарып келе жатып, қайтар жолда осындай қиын жағдайға тап болған. Ер адамның жұбайы мен үш баласы үмітпен күтіп отыр.
Жаңалықтар
0