Заңнамалық өзгерістер: жер учаскелерін алу жеңілдейді

© Pixabay / Markus WinklerЗабор
Забор - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жер учаскелерін алу процесі жеңілдетілді, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 5 сәуірде мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды.
"Қабылданған заң ауыл шаруашылығы министрлігімен жер учаскелерін жедел және ашық беру мақсатында әзірленді. Заңда республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде электрондық форматта жер учаскелерін беру рәсімін оңайлату көзделген, бұл жер учаскелеріне құқықтарды берудің қолданыстағы мерзімдерін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, аталған қалаларда жер комиссиясының институты алынып тасталады, сондай-ақ бірқатар құжаттар қысқартылады (жер комиссиясының хаттамалық шешімі, жерге орналастыру жобасы).
"Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің жерлері үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер толық цифрланғанға дейін Жер заңнамасымен регламенттелген жер учаскелерін берудің қолданыстағы тәртібі сақталады", делінген ақпаратта.
Заңмен мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құжаттарды келісу барысына онлайн мониторинг енгізіледі, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеу бойынша композиттік қызмет енгізіледі.
"Жер учаскелерін электрондық беру рәсімі цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің "Жария кадастрлық картасында" жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында іске асырылатын болады", - деп хабарлайды министрліктегілер.
Жария кадастрлық карта Қазақстанның жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларының мәліметтерін және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтерін көрсететін болады. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігіне байланысты 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңды іске асыруды кейінге қалдыру көзделіп отыр.
Жаңалықтар
0