https://sputnik.kz/20230407/shyu-dagy-terroristik-zhagday-kurdeli-bolyp-otyr--qazaqstannyn-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-33687646.html
ШЫҰ-дағы террористік жағдай күрделі болып отыр – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ШЫҰ-дағы террористік жағдай күрделі болып отыр – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аймағындағы террористік жағдай күрделі және қарқынды болып отыр, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық... 07.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-07T16:27+0500
2023-04-07T16:27+0500
2023-08-09T09:35+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27806134_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_178bf6006b282f4bb850add93b4d5500.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аймағындағы террористік жағдай күрделі және қарқынды болып отыр, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. Жұма күні Ташкентте ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының (АТҚҚ) Атқару комитетінің 39-шы отырысы ашылды. Қазіргі уақытта АТҚҚ-ға Қазақстан төрағалық етеді. "Аймақтағы (ШЫҰ) террористік жағдай күрделі және қарқынды болып отыр", - деді Білісбеков кең форматтағы отырыстың ашылуында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы, Орталық Азиядағы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы күрделі жағдай шиеленіс тудыратын факторлар болып табылады, деді Білісбеков. Сондай-ақ ол ішкі және сыртқы саясаттың маңызды құралына айналған ақпараттық соғыстардың ықпалы артып келе жатқанын айтты. "Осылайша, ШЫҰ кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік осы қауіптердің жаңа гибридті көріністеріне белсенді түрде ден қоюға тікелей байланысты. Сондықтан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын арттыру маңызды", - деді Білісбеков. ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан қатысады. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, әріптес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27806134_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_45a1b9de187efacd8e83fad4ce21c358.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ұлттық қауіпсіздік комитеті
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аймағындағы террористік жағдай күрделі және қарқынды болып отыр, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.
Жұма күні Ташкентте ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының (АТҚҚ) Атқару комитетінің 39-шы отырысы ашылды. Қазіргі уақытта АТҚҚ-ға Қазақстан төрағалық етеді.
"Аймақтағы (ШЫҰ) террористік жағдай күрделі және қарқынды болып отыр", - деді Білісбеков кең форматтағы отырыстың ашылуында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы, Орталық Азиядағы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы күрделі жағдай шиеленіс тудыратын факторлар болып табылады, деді Білісбеков.
Сондай-ақ ол ішкі және сыртқы саясаттың маңызды құралына айналған ақпараттық соғыстардың ықпалы артып келе жатқанын айтты.
"Терроризм, сепаратизм, экстремизм қаупі конфессияаралық факторлармен қатар ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен толықтырылып жатыр", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.
"Осылайша, ШЫҰ кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік осы қауіптердің жаңа гибридті көріністеріне белсенді түрде ден қоюға тікелей байланысты. Сондықтан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын арттыру маңызды", - деді Білісбеков.
ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан қатысады. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, әріптес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.