Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
© Photo : МинэнергоПавлодарский нефтехимический завод
© Photo : Минэнерго
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлады жұма күні "Қазмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстарына 22 мердігер ұйым және 1 305 маман жұмылдырған.
"Жоспар бойынша "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" сәуір айында 366 мың тонна мұнай өңдеуі керек. 110,1 мың тонна бензин, 114,8 мың тонна дизель отыны, 15,1 мың тонна сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тонна авиациялық отын, 77,6 мың тонна мазут өндіру жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу жұмыстары бірінші кезектегі мұнай айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазалау, керосинді гидротазалау, каталитикалық крекинг жабдықтардың жекелеген бөліктерін ауыстыру, қалпына келтіру және реттеді қамтыды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауыты 6,2 миллион тонна мұнай өңдеді.