Шымкентте мүгедектерге жарығы мен газы жоқ пәтер берілген

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Шымкентте мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға тұруға жарамсыз баспана берілген, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Адамдарға газ бен жарығы жоқ жалдамалы пәтерлер берілген. Жаңа қоныстанушылар бұған құрылыс компаниясын кінәлайды. Мердігер көпқабатты үйге коммуникацияны рұқсатсыз жүргізгені анықталды.
Адамдар бұл қолайсыздыққа бейімделуге мәжбүр болып, тамақты даладағы пешке пісіріп жүр.
"10 үй болып бір титанды қолданып отырмыз. Жарық үнемі сөнеді. Мына жабдықты қосамыз, бірақ пәтерге жеткенше тамақ суып қалады. Газды күтіп отырғанымызда жарық жоғалып кетті. Бұл деген адамды мазақ ету ғой. Қонақ та шақыра алмайсың. Менің отбасымдағының бәрі мүгедек", - деді Гүлнәр Жантаева.
Бұрын электр жарығы шамалы уақытқа сөніп келсе, енді тұрғындар жақын арада жарық қосылады деп үміттенбейді де. Құрылысшы үйді қажетті рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталды. Жергілікті тұрғындарға кемінде айдың соңына дейін жарық болмайтыны туралы ескертілді.
"Біз электр қуатының неліктен өшірілгенін анықтай бастадық. Сонда бізде тіпті дербес шот та жоқ болып шықты. Енді олар алдағы 20 күнде электр жарығы берілмейді деп отыр. Құрылыс компаниясына өз наразылығымызды жеткіздік. Бірақ біз оған үйді салып бергені үшін алғыс айтуымыз керек екен, ұнамаса, элиталық үйге көшіңдер деп жауап берді", – дейді Шайзада Рахметова.
Тұрғындарға бұл жалдамалы баспана оңай жолмен келмеген: олар ұзақ жыл кезекте тұрғаннан кейін осы пәтерлерді алған. Сонымен қатар тұрғындардың құрылыс сапасына қатысты шағымы бар. Мұнда қыста адам төзгісіз суық болады дейді. Ал мүгедектерге жағдай мүлде жасалмаған.
"Мұнда көптеген мүгедек тұрады. Пандус орнатылмаған. Ең болмағанда жоғары көтерілуге арналған темір қондырғылар орнатса болар еді", - дейді Айгүл Югай.
Адам төзгісіз жағдайдан шаршаған тұрғындар әкімдікке шағымданды. Шенеуніктер газ бес көпқабатты үйге адамдар толық қоныстанғанда қосылатынын түсіндірді. Алайда құжатта қиындық бар екеніне қарамастан, жақын күндері электр жарығын қосуға уәде берді.
"Осы апта ішінде барлық құжатты ретке келтіреміз. Әр пәтерге кіріп, барлық кемшілікті тіркейміз. Сосын осының негізінде жұмыс жүргізіп, барлығын түзетеміз", - деді Шымкент қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысы Мадияр Байымбетов.
Шенеуніктер мердігер ​​барлық кемшілікті жояды деп сендірді. Кепілдік мерзімі осы жылдың соңына дейін жарамды. Сондықтан құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен қайтадан барлық қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Жаңалықтар
0