https://sputnik.kz/20230407/qazaqstanda-bilim-beru-diplomdarynyn-elektrondy-koshirmesi-beriledi-33687995.html
Қазақстанда білім беру дипломдарының электронды көшірмесі беріледі
Қазақстанда білім беру дипломдарының электронды көшірмесі беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мектеп пен колледж дипломдарының электронды нұсқасы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және... 07.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-07T16:50+0500
2023-04-07T16:50+0500
2023-04-07T16:50+0500
мектеп
құжат
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33681034_210:250:1045:720_1920x0_80_0_0_70200b27f9ea63e565decba2ef25d376.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мектеп пен колледж дипломдарының электронды нұсқасы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы бар азаматтарды автоматты түрде хабарландыру тетігі іске қосылды. Осы уақытқа дейін 300 мыңға жуық әскерге шақырылған азаматқа SMS-хабарламалар жіберілді. Болашақта әскерге шақыру комиссияларының жұмысы да автоматтандырылады. Бұдан бөлек, қазақстандықтар қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы eGov платформасы мен eGovMobile қосымшасы арқылы 30 минуттың ішінде ала алады. Алдағы уақытта анықтама қосымшадағы цифрлық құжаттар тізіміне қосылады. Педагогтарды аттестаттау шаралары да электронды форматқа ауыстырылады. Ал мектептерде оқушыларды жеңілдікпен тамақтандыру кезінде анықтама алудың қажеті болмайды. Бүгінде көпбалалы отбасылар туралы мәліметтерді ведомстволық ақпараттық жүйелермен біріктіру жұмыстары аяқталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33681034_473:285:1027:700_1920x0_80_0_0_33cf9552bb0a61820c057194a2caf375.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, құжат
Қазақстанда білім беру дипломдарының электронды көшірмесі беріледі
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мектеп пен колледж дипломдарының электронды нұсқасы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы бар азаматтарды автоматты түрде хабарландыру тетігі іске қосылды. Осы уақытқа дейін 300 мыңға жуық әскерге шақырылған азаматқа SMS-хабарламалар жіберілді. Болашақта әскерге шақыру комиссияларының жұмысы да автоматтандырылады.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы eGov платформасы мен eGovMobile қосымшасы арқылы 30 минуттың ішінде ала алады. Алдағы уақытта анықтама қосымшадағы цифрлық құжаттар тізіміне қосылады.
"Сондай-ақ, оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму министрлігінің қатысуымен жақын арада техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың электронды көшірмелерін беруді тез арада бастауды жоспарлап отыр. Осыған ұқсас мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігімен де пысықталуда", - делінген ресми хабарламада.
Педагогтарды аттестаттау шаралары да электронды форматқа ауыстырылады. Ал мектептерде оқушыларды жеңілдікпен тамақтандыру кезінде анықтама алудың қажеті болмайды. Бүгінде көпбалалы отбасылар туралы мәліметтерді ведомстволық ақпараттық жүйелермен біріктіру жұмыстары аяқталды.