https://sputnik.kz/20230407/industriya-ministrligi-pater-utysy-33661365.html
Индустрия министрлігі пәтер ұтысын өткізіп жатқаны рас па
Индустрия министрлігі пәтер ұтысын өткізіп жатқаны рас па
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қоңырау шалып, "конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы"... 07.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-07T09:54+0500
2023-04-07T09:54+0500
2023-04-07T09:54+0500
қоғам
министрлік
пәтер
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_5d2a35447c0ef4e3bb61efc4bfe2a18c.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қоңырау шалып, "конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы" туралы сұрап жатыр. Ведомство бұл хабарлама жалған екенін мәлімдеді.Алаяқтар тұрғындарға хабарласып, өздерін ведомство қызметкері ретінде таныстырып, министрлік әкімдікпен бірлесіп конкурстық негізде пәтер ұтысын өткізетінін айтқан. Сондай-ақ мемлекеттік органға "қаржылай берешегі" барын мәлімдеп, ол өтелген жағдайда конкурстық негізде "пәтер алатыны" туралы жалған ақпар берген.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру бойынша өзекті ақпарат алу үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Call-орталығына хабарласу қажет.Ведомство азаматтардан күмәнді жарнамаларға назар аудармай, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5ed736bfa6d56a7fd00c845db5b6a6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, пәтер
Индустрия министрлігі пәтер ұтысын өткізіп жатқаны рас па
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қоңырау шалып, "конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы" туралы сұрап жатыр. Ведомство бұл хабарлама жалған екенін мәлімдеді.
Алаяқтар тұрғындарға хабарласып, өздерін ведомство қызметкері ретінде таныстырып, министрлік әкімдікпен бірлесіп конкурстық негізде пәтер ұтысын өткізетінін айтқан. Сондай-ақ мемлекеттік органға "қаржылай берешегі" барын мәлімдеп, ол өтелген жағдайда конкурстық негізде "пәтер алатыны" туралы жалған ақпар берген.
"Министрлік бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Өйткені тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді әрі санаттарға сәйкес және кезекке қою күніне байланысты бөлек тізімдермен жүзеге асырылады", - деп мәлімдеді индустрия министрлігі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру бойынша өзекті ақпарат алу үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Call-орталығына хабарласу қажет.
Ведомство азаматтардан күмәнді жарнамаларға назар аудармай, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.