Денсаулық сақтау саласын инвестициялау мәселесі талқыланды

© Sputnik / Медиабанкке өтуКомпьютерлік томограф
Компьютерлік томограф  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен GE Healthcare компаниясының Ресей және ТМД-дағы бас директоры Елена Легезина аталған құрылымның Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Елена Легезина республикада компания қызметін дамыту үшін үлкен әлеует барын атап өтті.
"Біз Қазақстанға жоғары технологиялық жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу тәсілдері мен тұжырымдамаларын ұсына аламыз. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларынан екі академия ашуды жоспарлап отырмыз, мұнда қазақстандық мамандар құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, емдеудің жаңа әдістерін де меңгере алады", - деді Елена Легезина.
Бүгінгі таңда үкімет 2025 жылға қарай отандық фармацевтикалық өндірістің, оның ішінде жоғары сұранысқа ие медициналық техникалар өндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар GE Healthcare компаниясы республиканың денсаулық сақтау саласын цифрландыруға жәрдемдесуді және медициналық техника сервисін дамытуды жоспарлап отырғаны аталып өтті.
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2023
Денсаулық сақтау саласындағы бизнеске қойылатын мыңнан астам талап қайта қаралады
Жаңалықтар
0