Әзербайжан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуИльхам Әлиев
Ильхам Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
Президенты Казахстана и Азербайджана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Астанадағы Гейдар Әлиев көшесі ауыстырылады
Жаңалықтар
0