Арыстанбек Мұхамедиұлының соты 17 сәуірде болады

© Photo : пресс-служба правительства РК Арыстанбек Мухамедиулы
Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Арыстанбек Мұхамедиұлының соты 17 сәуірде басталады, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.
"Байқоңыр" ауданының 2 сотына Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Сәдуақасованы бюджет қаражатын жымқырды деген айыптаумен қылмыстық іс қабылданды", - деп хабарлады ведомстводан.
Негізгі сот талқылауы 17 сәуірде болады. Сот отырысы ашық өтеді. Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 28 мамырда ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.
Жаңалықтар
0