Алматы облысына дизель отынының қосымша көлемі жіберіледі –энергетика министрлігі

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЗаправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото
Заправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Petrosun" АҚ, жанар-жағар май құю станциялары ірі желілері өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармай материалдарымен іркіліссіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
7 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысы бойынша дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады. Жанар-жағар май станциясы желілерінің өкілдері атап өткендей, оларда бар дизель отынының қоры халықты іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Сонымен қатар станция желілерінің ақпараты бойынша дизель отынына сұраныстың артуы байқалады (30%-дан астам), соның салдарынан кейбір жанармай құю бекеттерінде отынның тәуліктік көлемі тез таусылуда.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеуге тоқтауына байланысты өңірге мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шектеулер болды. Сондықтан желілер басшылығы отынды көп тұтынатын аудандарға тиеп- жөнелтуді арттыру туралы шешім қабылдады.
"Сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-газ химия зауытынан 5000 тонна отын жолда бара жатыр. ҚТЖ жанар-жағар майды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді. 7 сәуірде мұнай өнімдерін өндіру басталған Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарлануда", - делінген ақпаратта.
Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады.
Жаңалықтар
0