https://sputnik.kz/20230407/65-myn-aleumettik-pater-salynady--toqaev-astana-akimin-qabyldady-33667176.html
6,5 мың әлеуметтік пәтер салынады – Тоқаев Астана әкімін қабылдады
6,5 мың әлеуметтік пәтер салынады – Тоқаев Астана әкімін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 07.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-07T11:46+0500
2023-04-07T11:46+0500
2023-04-07T11:46+0500
жеңіс қасымбек
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_a66b55e8eb8e24584faceaf8a50863c4.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында екі ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатыр.Әкім қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, апатты жағдайда тұрған ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту,үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және тағы басқа мәселелер бойынша есеп берді.Биыл үш айдың ішінде елордаға құйылған инвестиция көлемі шамамен 200 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артық.Тоқаев Астананы сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау қажеттігін ерекше атап кетті. Сонымен қатар қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_cffc8a42bc3e8cba3c1d8c68aa124984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіс қасымбек, қасым-жомарт тоқаев
жеңіс қасымбек, қасым-жомарт тоқаев
6,5 мың әлеуметтік пәтер салынады – Тоқаев Астана әкімін қабылдады
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында екі ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатыр.
Әкім қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, апатты жағдайда тұрған ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту,үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және тағы басқа мәселелер бойынша есеп берді.
Биыл үш айдың ішінде елордаға құйылған инвестиция көлемі шамамен 200 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артық.
Тоқаев Астананы сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау қажеттігін ерекше атап кетті. Сонымен қатар қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.