"Тик-ток" үшін көпірден секірген: түркістандық жастар кешірім сұрады

© Sputnik / Тимур БатыршинМост над БАКом
Мост над БАКом - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысының полицейлері жас жігіттің бәстесу кезінде көпірден секірген бейнежазбасын анықтады.
Тексеру барысында оқиға 1 сәуірге қараған түні Сайрам ауданы Ақсукент маңындағы Ақсу өзенінде болғандығы анықталды. Нәтижесінде, Сайрам ауданының полиция қызметкерлері жастардың кім екенін анықтады.
Олардың бірі видеоға түсірсе, екіншісі көпірден секірген. Анықталған екеудің ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Жас жігіттер видеоны ақша алу үшін емес, әзіл үшін түсіріп, содан кейін TikTok желісіне орналастыру мақсатында жасалғанын айтты.
Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп келмеген. Қос жігіт өкініштерін білдіріп, бұдан былай мұндай асығыс, әрі өмірге қауіп төндіретін әрекеттерді жасамауға уәде берді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары оларға профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізді.
Жаңалықтар
0