Синоптиктер ертең ауа райы жауын-шашынды болады деп болжады

© Photo : Pixabay / ID 955169Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
Еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазгидрометтің мәліметінше, 7 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады.
Тек батыста синоптиктер күн ашық болады деп болжап отыр.
Республикабойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік облыстарда көктайғақ болады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.
Жетісу облысының солтүстігінде түнде үсік жүреді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, көктайғақ, ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 жылы.
Жаңалықтар
0