Қарағандыда бала күдіктіні ұстауға көмектесті – ер адам педофилия үшін айыпталып отыр

© Pixabay / Klaus HausmannРабство
Рабство - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қарағанды қаласында бала педофилия жасағаны үшін айыпталып отырған ер адамды ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Майқұдық жақтағы 15-шағын ауданда ойнап жүрген балаларға бейтаныс ер адам келіп, 10 000 теңге ұсыныс жасаған. Ол үшін тілегін орындау керек деді де, шалбарын түсірген. Балалар қорқып, қашып кеткен. Бірақ біреуі ер адамды аңдып, қай жерде тұратынын білу үшін соңынан барған. Мекенжайын мен болған жағдайды анасына айтқан.
"Үйге ортаншы ұлым жүгіріп келіп, балаларға ұятсыз ұсыныс жасап жүрген және шалбарын түсірген ер адам туралы айтты. Мен бірден аяқ киімімді іліп алдым да, далаға атып шықтым. Жол-жөнекей полицияны да шақырдық ", - деді баланың анасы Мадина "Патриот"-қа берген сұхбатында.
Күдікті ұсталды. Полиция келгенде қарсылық көрсетуге де тырысты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 24-121 бабының 4-тармағы (Балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ұсталған ер адам қамауға алынды.
Жаңалықтар
0