https://sputnik.kz/20230406/prezident-makronnyn-arnayy-okilin-qabyldady-33631496.html
Президент Макронның арнайы өкілін қабылдады
Президент Макронның арнайы өкілін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады, хабарлайды Ақорда. 06.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-06T13:00+0500
2023-04-06T13:00+0500
2023-04-06T13:00+0500
эмманюэль макрон
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33630220_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_51a96de61d62c6c65d29b09eae58314d.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады, хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаулы өкіл Изабель Дюмон Франция президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонға ілтипат білдіре отырып, жолдаған игі сәлемі үшін президент Эмманюэль Макронға алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронға жүрекжарды сәлемін жолдады және оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды."Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын жұмыс істейді және жетекші француз компаниялары қызмет етеді. Біздің экономикамыздағы француз компанияларының қызметіне жан жақты қолдау көрсетіледі", – деді президент.Өз кезегінде Изабель Дюмон Францияның Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33630220_38:0:1243:904_1920x0_80_0_0_c4fa62b2505fb2e4128d7ec636d28b70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эмманюэль макрон, қасым-жомарт тоқаев
эмманюэль макрон, қасым-жомарт тоқаев
Президент Макронның арнайы өкілін қабылдады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады, хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаулы өкіл Изабель Дюмон Франция президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонға ілтипат білдіре отырып, жолдаған игі сәлемі үшін президент Эмманюэль Макронға алғыс айтты.
"Франция – Қазақстанның жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты, сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы рөлін және Францияның экономикалық әлеуетін жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіз 2008 жылғы маусымда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды. Биыл біз осы маңызды құжаттың он бес жылдығын атап өтеміз. Елдеріміз арасында барлық деңгейде белсенді және сенімді саяси диалог орнағанын тағы да атап өткім келеді, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронға жүрекжарды сәлемін жолдады және оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
"Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын жұмыс істейді және жетекші француз компаниялары қызмет етеді. Біздің экономикамыздағы француз компанияларының қызметіне жан жақты қолдау көрсетіледі", – деді президент.
Өз кезегінде Изабель Дюмон Францияның Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.