https://sputnik.kz/20230406/ondiristen-zhumysqa-tartylgan-oqytushylardyn-zhalaqysyna-ustemaqy-qosylady-33624211.html
Өндірістен жұмысқа тартылған оқытушылардың жалақысына үстемақы қосылады
Өндірістен жұмысқа тартылған оқытушылардың жалақысына үстемақы қосылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей "педагог – модератор" біліктілік... 06.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-06T10:58+0500
2023-04-06T10:58+0500
2023-04-06T10:58+0500
оқытушы
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1c/26400097_0:0:3087:1737_1920x0_80_0_0_f0b90908988deeab2b262cc591849dca.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей "педагог – модератор" біліктілік санаты беріледі. Сондай-ақ жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырадыСондай-ақ, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1c/26400097_275:0:3006:2048_1920x0_80_0_0_0bc34a994f3464bc1558789954336f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқытушы, жалақы
Өндірістен жұмысқа тартылған оқытушылардың жалақысына үстемақы қосылады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей "педагог – модератор" біліктілік санаты беріледі. Сондай-ақ жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі.
"Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ "педагог" біліктілік санатын ала алады",– дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.
Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.