https://sputnik.kz/20230406/buryngy-vitse-ministr-sot-arqyly-10-mln-tenge-moraldyq-shygyn-ondirip-aldy-33623671.html
Бұрынғы вице-министр сот арқылы 10 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды
Бұрынғы вице-министр сот арқылы 10 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Энергетика вице-министрі болған Анатлий Шкарупа мемлекеттен 10 миллион теңгенің моральдық өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды... 06.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-06T10:35+0500
2023-04-06T10:35+0500
2023-04-06T10:35+0500
қаржы министрлігі
өтемақы
https://sputnik.kz/img/813/93/8139317_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_dd7734ea2c5e400829ebcb25afda330e.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Энергетика вице-министрі болған Анатлий Шкарупа мемлекеттен 10 миллион теңгенің моральдық өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 2018 жылы сол кездегі энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынған болатын. Оны ұстауға бас прокуратураның жедел тергеу тобы жіберілді. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) жауапқа тартылды. Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылы Саран қаласында жылу есептегіш құралдарды орнатуға бюджеттен 215 миллион теңге жұмсалды. Сол кезде Анатолий Шкарупа қала әкімі лауазымын атқарған. Тергеу бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалды деген шешімге келді. Алайда 2021 жылы Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты Шкарупаны ақтап шығарды. Қылмыс құрамы анықталған жоқ. Онымен бірге істі болған екі адам да ақталды. Ал облыстық сот бірінші инстанцияның шешіміз өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін Шкарупа моральдық өтемақыны талап етті. Астана қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен қаржы министрлігі Шкарупаға 10 миллион теңге төлеп беруге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/813/93/8139317_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_6b1fdc5f7543bd5f903f1e03570d15b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы министрлігі, өтемақы
қаржы министрлігі, өтемақы
Бұрынғы вице-министр сот арқылы 10 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Энергетика вице-министрі болған Анатлий Шкарупа мемлекеттен 10 миллион теңгенің моральдық өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
2018 жылы сол кездегі энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынған болатын. Оны ұстауға бас прокуратураның жедел тергеу тобы жіберілді. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) жауапқа тартылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылы Саран қаласында жылу есептегіш құралдарды орнатуға бюджеттен 215 миллион теңге жұмсалды. Сол кезде Анатолий Шкарупа қала әкімі лауазымын атқарған. Тергеу бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалды деген шешімге келді.
Алайда 2021 жылы Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты Шкарупаны ақтап шығарды. Қылмыс құрамы анықталған жоқ. Онымен бірге істі болған екі адам да ақталды. Ал облыстық сот бірінші инстанцияның шешіміз өзгеріссіз қалдырды.
Осыдан кейін Шкарупа моральдық өтемақыны талап етті. Астана қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен қаржы министрлігі Шкарупаға 10 миллион теңге төлеп беруге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.