Астанаға қарасты елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Астанада халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмысы жүріп жатыр. Негізінен проблемалы аймақтар мен елді мекендерге көңіл бөлінеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада 16 елді мекен және 1 саяжай алабы бар. Мұндағы мәселе – елді мекендерде кабельдік кәріздің болмауы. Өткен жылы әкімдік электр желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) төсеу туралы шешім қабылдады. "Астана-АЭК" АҚ-мен бірлесіп инвесторлардың толық қаржыландыру есебінен елорданың елді мекендерінде электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды.
Елді мекендерде ТОБЖ салуға дайын инвесторлар тартылады. Бүгінде тұрғын алап тұрғындарына талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық теледидар қызметтері ұсынылады.
Инвесторлар жарықтандыру тіректері мен электр желілері арқылы өтетін заманауи GPON технологиясын қолданады. Инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.
Айта кетері, мемлекет басшысы өз Жолдаулары мен тапсырмаларында интернет сапасы туралы бірнеше рет мәселе көтерді.
Жаңалықтар
0