Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

© Photo : t.me/WarLifeКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. "Дикий" Арман атанып кеткен Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А. Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыда полицейлер "Дикий" Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Жаңалықтар
0