https://sputnik.kz/20230405/tarazenergo-ortalygynyn-eks-basshysyna-izdeu-zhariyalandy-33583564.html
"ТаразЭнерго" орталығының экс-басшысына іздеу жарияланды
"ТаразЭнерго" орталығының экс-басшысына іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "ТаразЭнерго" орталығының бұрынғы басшысы үкім шықпай тұрып қашып үлгерген. "Мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бизнесменнің... 05.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-05T09:00+0500
2023-04-05T09:00+0500
2023-04-05T09:00+0500
тараз
жылу электр орталығы
іздеу шаралары
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33583292_43:0:1177:638_1920x0_80_0_0_5cc40f61a24fc8082024ba520a071182.jpg
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "ТаразЭнерго" орталығының бұрынғы басшысы үкім шықпай тұрып қашып үлгерген. "Мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бизнесменнің қайда кеткенін ешкім білмейді, деп хабарлайды КТК. Бақберген Мәуленов соңғы сот отырыстарына да келмеген. Жуық арада үкім оқылады деп жүргенде, судья қашып кеткен айыпталушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Айыпталушы шетел асып кетті ме, әлде ел ішінде жасырынып жүр ме, ол жағы әзірге белгісіз. Бақберген Мәуленов қазынаның 2 миллиард теңгесін қалтасына басқан деп күдікке ілініп, бір жарым жыл бұрын баласы екеуі қамауға алынған. Өзі үш ай бұрын кепілдікпен үйқамаққа шыққан еді. Ал ұлы мен тағы 7 сыбайласы осы іс бойынша тергеліп жатыр. Жылу тарату мекемесінің экс-президенті баласын түрмеге тастап өзі із суытқаны көпті таңдай қақтырды. Ал оның жоғалып кеткені туралы 28 наурыз күні сот отырысында белгілі болыпты. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушы Б. Мәуленовтың сот отырысына себепсіз келмегеніне байланысты іздестіру жарияланды. Сотталушы ұсталған соң бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту шешімі бар. Еске сала кетейік, бұның алдында сотталушы Б.Мәуленовке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақ болатын. Қаулыны орындау үшін Жамбыл облысының полиция департаменті мен экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33583292_184:0:1035:638_1920x0_80_0_0_c448d4a45219accd28cca0b3ad0cdbcd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, жылу электр орталығы, іздеу шаралары
тараз, жылу электр орталығы, іздеу шаралары
"ТаразЭнерго" орталығының экс-басшысына іздеу жарияланды
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "ТаразЭнерго" орталығының бұрынғы басшысы үкім шықпай тұрып қашып үлгерген. "Мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бизнесменнің қайда кеткенін ешкім білмейді, деп хабарлайды
КТК.
Бақберген Мәуленов соңғы сот отырыстарына да келмеген. Жуық арада үкім оқылады деп жүргенде, судья қашып кеткен айыпталушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Айыпталушы шетел асып кетті ме, әлде ел ішінде жасырынып жүр ме, ол жағы әзірге белгісіз.
Бақберген Мәуленов қазынаның 2 миллиард теңгесін қалтасына басқан деп күдікке ілініп, бір жарым жыл бұрын баласы екеуі қамауға алынған. Өзі үш ай бұрын кепілдікпен үйқамаққа шыққан еді. Ал ұлы мен тағы 7 сыбайласы осы іс бойынша тергеліп жатыр. Жылу тарату мекемесінің экс-президенті баласын түрмеге тастап өзі із суытқаны көпті таңдай қақтырды. Ал оның жоғалып кеткені туралы 28 наурыз күні сот отырысында белгілі болыпты.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушы Б. Мәуленовтың сот отырысына себепсіз келмегеніне байланысты іздестіру жарияланды. Сотталушы ұсталған соң бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту шешімі бар.
Еске сала кетейік, бұның алдында сотталушы Б.Мәуленовке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақ болатын. Қаулыны орындау үшін Жамбыл облысының полиция департаменті мен экономикалық тергеу департаментіне жолданған.