Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы тағайындалды

© Photo : Антикоррупционная службаГлавой Антикоррупционной службы назначен Асхат Жумагали
Главой Антикоррупционной службы назначен Асхат Жумагали - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Асхат Жұмағали бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
Асхат Жұмағали - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.
Ол 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
II дәрежелі "Айбын" орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Жаңалықтар
0