https://sputnik.kz/20230405/memleket-basshysy-industriya-infraqurylymdyq-damu-ministri-33606196.html
Қарабаев президентке кен орындарын тексеру қорытындысы туралы есеп берді
Қарабаев президентке кен орындарын тексеру қорытындысы туралы есеп берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 05.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-05T18:57+0500
2023-04-05T18:57+0500
2023-04-05T18:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
министр
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33604469_315:0:3956:2048_1920x0_80_0_0_0980aac859a19643c3a5926ee4c2f42c.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесуде министрліктің қызметі және президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды. Министр президентке кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді. Марат Қарабаевтың айтуынша, заңбұзушылықтарға байланысты қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден астам келісімшарт пен лицензия қайтарып алынған. Ол 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады.Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымының дамуына тоқталды.Оның айтуынша, азаматтық авиация саласында тұрақты өсім бар. "2022 жылы пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізілді, яғни Қазақстан әуе компаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. "Ашық аспан" режимі енгізілді. Ұшу географиясы кеңейіп келеді. 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылады деп жоспарланып отыр", - деді министр.Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнесті дамыту және шикізат секторына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Сондай-ақ, президент жол бойындағы, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға ерекше назар аударуды, өндірістегі отандық үлесті арттыру жұмысын күшейтуді және қала құрылысы кодексін әзірлеуді жеделдетуді талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33604469_770:0:3501:2048_1920x0_80_0_0_155e9f1c40e38594360abe658a8b753c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, министр
қасым-жомарт тоқаев, министр
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде министрліктің қызметі және президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды. Министр президентке кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді.
Марат Қарабаевтың айтуынша, заңбұзушылықтарға байланысты қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден астам келісімшарт пен лицензия қайтарып алынған. Ол 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады.
Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымының дамуына тоқталды.
"Тиісті тапсырма бойынша үкімет еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін вагон паркі тапшылығына қатысты мәселе шешіліп жатыр", - деді Қарабаев.
Оның айтуынша, азаматтық авиация саласында тұрақты өсім бар.
"2022 жылы пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізілді, яғни Қазақстан әуе компаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. "Ашық аспан" режимі енгізілді. Ұшу географиясы кеңейіп келеді. 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылады деп жоспарланып отыр", - деді министр.
Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнесті дамыту және шикізат секторына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, президент жол бойындағы, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға ерекше назар аударуды, өндірістегі отандық үлесті арттыру жұмысын күшейтуді және қала құрылысы кодексін әзірлеуді жеделдетуді талап етті.