Өңірлер

Күн суытады: бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Болат ШайхиновЖауын-шашын
Жауын-шашын - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2023
Жазылу
Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде Скандинавия аймақтарынан жеткен солтүстік-батыс антициклон әсерінен ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбыр қарға ұласады.
Республикада жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде минус 2-12 градусқа дейін, күндіз 7 градусқа дейін төмендейді.

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
Семей, Өскемен және Риддер қалаларында ауа райына байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай болжанып отыр.
Жетісу облысының Алакөл көлдерінде оңтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады. Солтүстікте, орталықта, облыстың таулы аймақтарында 4 градус аяз сақталады.
Орталықта, Қызылорда облысының шығысында найзағай.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 18-20 градус жылы.
Жаңалықтар
0