Елден қашқан Күдебаевтың ісі: Қазақстан Қырғызстанға сауал жолдады

© Sputnik / Сергей КимСерик Кудебаев, начальник ДВД Алматы
Серик Кудебаев, начальник ДВД Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың елден қашуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдажұманов Күдебаевтың ресми өткізу бекеттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтпегенін растады.
"Ол Қырғызстанға өтіп, ар жағынан үшінші елдерге кетті деген ақпарат түскен соң, Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз қай жерден кесіп өткенін анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Бұл жұмысқа көрші елдер қосылды, Қырғызстанның шекара қызметіне ресми сауал жолданды",- деді Алдажұманов мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, Бас прокуратура аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, экс-полицей елден 23 наурызда шығып кеткен. Ал Шекара қызметі оның қашқанын 27 наурызда білген.
Алдажұмановтың айтуынша, қазір Күдебаевты іздеуге алты шекара заставасы – 300-ге жуық адам жұмылдырылды.
Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашып кеткен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді. Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. Кейбір БАҚ Алматы полициясы экс-басшысының елден қашып кеткені туралы хабарлады. Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0