https://sputnik.kz/20230404/turkistan-oblysynda-myndagan-ara-qyrylyp-qaldy---omartashylar-milliondagan-shygynga-batty-33551380.html
Түркістан облысында мыңдаған ара қырылып қалды - омарташылар миллиондаған шығынға батты
Түркістан облысында мыңдаған ара қырылып қалды - омарташылар миллиондаған шығынға батты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 сәуір - Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданының омарташылары миллиондаған теңге шығынға батты, деп хабарлайды Otyrar.kz. 04.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-04T13:29+0500
2023-04-04T13:29+0500
2023-04-04T13:29+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0d/17595188_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bac52f3c0ef8fe675d9a53064e6f9f8a.jpg
АСТАНА, 4 сәуір - Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданының омарташылары миллиондаған теңге шығынға батты, деп хабарлайды Otyrar.kz. Омарташылардың айтуынша, кенені жою үшін себілген дәрі араларды қырып кетті. Санитарлық сала ара шаруашылығымен айналысатындарға дәрі себетіндерін ескертпеген. "Жергілікті санитарлық-эпидемиорлогиялық бақылау саласының газетке берген хабарландырулары тек 31 наурызда басылып шықты. Ал дәріні олар 27 наурызда септі. Салдарынан Шардарадағы бал араларының жартысы екі күнде қырылып қалды", - дейді омарташылар. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, аймақта конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кенелерге қарсы дәрі себілген. Олар дезинфекция болатынын бір апта бұрын жергілікті әкімшілікке жазбаша түрде хабарлағанын айтады. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, аралардың қырылуына дезинфекция емес, басқа індет себеп болуы мүмкін. Қазіргі күні өлген жәндіктер арнайы сараптамаға жіберілді. "Біз әлі дезинфекция жасамай тұрып-ақ аралардың қырылып жатқаны туралы хабарламалар келген болатын. Мүмкін бұл қандай да бір ауру, мүмкін бұл эпидемия. Сондықтан мәселені зерттеп, нақты себебін анықтамай тұрып, дезинфекциядан қырылды деп айтуға ерте", - дейді өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов. Омарташылар қоғамының төрағасы Төрехан Нұрмұхамедовтың айтуынша, омарташылар прокуратураға, одан әрі сотқа жіберілетін құжатты дайындап жатыр. Олар кінәлілерді тауып, өтемақы талап етпек. Айта кетейік, тек үш шаруашылықтың шығыны шамамен 10 млн теңгені құрады.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0d/17595188_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_0d7c4044dde4bd27e9863ae5f54a7f36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
АСТАНА, 4 сәуір - Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданының омарташылары миллиондаған теңге шығынға батты, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Омарташылардың айтуынша, кенені жою үшін себілген дәрі араларды қырып кетті. Санитарлық сала ара шаруашылығымен айналысатындарға дәрі себетіндерін ескертпеген.
"Жергілікті санитарлық-эпидемиорлогиялық бақылау саласының газетке берген хабарландырулары тек 31 наурызда басылып шықты. Ал дәріні олар 27 наурызда септі. Салдарынан Шардарадағы бал араларының жартысы екі күнде қырылып қалды", - дейді омарташылар.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, аймақта конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кенелерге қарсы дәрі себілген. Олар дезинфекция болатынын бір апта бұрын жергілікті әкімшілікке жазбаша түрде хабарлағанын айтады.
"Шардара қаласының аумағында бізге осы жоспар бойынша берілген елді мекендердің күзет аймағында бұталы жер жоқ. Тек жазық дала. Біз ерітіндіні ашық ауада септік. Ара ол жерге қона алмайды, өйткені ол жерде ағаштар жоқ", — деп түсіндіреді Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы филиалы директорының орынбасары Сәуле Сапарова.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, аралардың қырылуына дезинфекция емес, басқа індет себеп болуы мүмкін. Қазіргі күні өлген жәндіктер арнайы сараптамаға жіберілді.
"Біз әлі дезинфекция жасамай тұрып-ақ аралардың қырылып жатқаны туралы хабарламалар келген болатын. Мүмкін бұл қандай да бір ауру, мүмкін бұл эпидемия. Сондықтан мәселені зерттеп, нақты себебін анықтамай тұрып, дезинфекциядан қырылды деп айтуға ерте", - дейді өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов.
Омарташылар қоғамының төрағасы Төрехан Нұрмұхамедовтың айтуынша, омарташылар прокуратураға, одан әрі сотқа жіберілетін құжатты дайындап жатыр. Олар кінәлілерді тауып, өтемақы талап етпек. Айта кетейік, тек үш шаруашылықтың шығыны шамамен 10 млн теңгені құрады.