Қызылорда облысында болған дауыл 24 нысанның шатырын қиратты

© Photo : Комитет по ЧС МВДАРХИВ
АРХИВ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қызылорда облысында төртінші күн қатарынан соққан дауыл 24 нысанның шатырын қиратып кетті. Бүлінген нысандардың бірі – жылу орталығының темір мұнарасы.
"Құтқару қызметіне 18 қоңырау түсті, оның 17-сі шатырлардың қирауы және құбыр апаты туралы болды. Қызылорда облыстық әкімдігі 24 нысанда шатырлардың қирағаны туралы ақпарат тіркеді", - деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Облыста дауылдың салдарынан 7 білім беру мекемесі, үш ауылдың мәдениет үйі мен екі коммуналдық және бір мешітті қосқанда тағы 9 нысан бүлінген. Оның ішінде екі көп қабатты тұрғын үй мен үш жеке тұрғын үй бар.
"Барлығы 2 909 шаршы метр шатыр зақымдалған. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар комиссия құрып, келтірілген залалды анықтап жатыр", - деді құтқарушылар.
Дауылдың салдарынан Қазалы ауданындағы "Қазалы Теміржолжылу" кәсіпорнында металл құбыры екіге иіліп қалды. Аудан әкімдігінің айтуынша, кәсіпорындағы бүгілген құбыр жасалып жатыр. Дауылдан зардап шеккен адам жоқ. Құтқраушылар мұндай ауа райының сақталатынын айтып, сақ болуға шақырды.
Жаңалықтар
0